АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Тараз қаласында "Береке" базарынан өрт шықты.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін, 30 қыркүйекте таңғы сағат 07.52-де "101" нөміріне Мәмбет батыр көшесіндегі "Береке" базарының өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жоғары шақырту бойынша 56 өрт сөндіруші мен 13 техника аттанды.
Анықталғандай, базар асханасы мен сауда дүңгіршектері өртенген. Тілсіз жау сағат 8:30-да оқшауланды, өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың себебі анықталуда.