АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Путин және ДХР, ЛХР, Запорожье, Херсон облыстарының басшылары арасында аумақтардың Ресей Федерациясының құрамына қосылғаны жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бізді тағдыр мен тарих шақырған майдан алаңы - халқымыз бен Ресейдің үлкен тарихы үшін күрес алаңы. Шындық біздің жағымызда", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Кремльде референдум нәтижелері бойынша ЛХР, ДХР, Херсон және Запарожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы келісімшартқа қол қою рәсімі өтіп жатыр.
ЛХР, ДХР, Херсон және Запарожье облыстарын Ресей Федерациясына қосу туралы референдум 23-27 қыркүйекте өткен еді.