АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. 1 қазанда номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнот айналымға шығады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі.
Банкноттың 25 қорғаныш элементі бар, мөлшері 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.
Бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, "Қазақ Елі" монументі, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы, "Басқұр" қазақ ұлттық ою-өрнегінің фрагменті және Тәуелсіздік жылдарын білдіретін "30" саны бейнеленген.
Банкноттың екінші бетінде Астананың және Ақорда резиденциясының панорамалық көрінісін көруге болады.
Номиналы 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкноттыөз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға болады.
Жаңа купюра "Қазақ Елі" сериясымен ұсынылған қазіргі таңда айналымда бар 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік номиналдағы банкноттардың қатарын толықтырады.