Елорда тынысы

Астанада кіші Талдыкөлде экопарк салынады

Sputnik
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Елордада кіші Талдыкөлде экопарк құру жұмыстары басталды. Экопарк жобасы аумақты абаттандыруды, шағын Талдыкөл су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құруды көздейді.
Су айдындары құрылады, олар сумен қамтамасыз етіледі. Бұл кіші Талдыкөл су балансын сақтауға, сондай-ақ судың табиғи сүзілуін жасауға, экожүйенің биоәртүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда саябақтың рельефін құру үшін аумақты дайындау бойынша жер жұмыстары басталды. Ағаштар мен басқа да жасыл желектерді отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 12 000-нан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда.
Айта кету керек, бұл аумақта қала тұрғындарының серуендеуі мен уақыт өткізуі үшін рекреациялық аймақтарға қажеттілік жоғары.
Осылайша, жасыл желектер бойында жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы құрылатын болады, құм-қиыршық тас қоспасынан табиғи жолдарды пайдалану жоспарлануда. Саябақтың дизайны мен оның элементтері қоршаған ортаға қамқорлық жасайтын табиғи материалдарды пайдаланады, бұл экоурбанизмге сәйкес келеді.
Абаттандыру табиғи жағдайларға барынша жақын болады, табиғи материалдардан жасалған балалар алаңдары мен МАФтар және көгалдандырудың көп мөлшері болады.
Кіші Талдыкөлдің іргелес аумағы игерілетін болады. Онда әлеуметтік нысандар орналасады: мектептер, медициналық орталық, тұрғын үйлер, балабақша және т. б.
Талдыкөл (Үлкен Талдыкөл) өз экологиялық инфрақұрылымына ие болады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар елдегі алғашқы табиғи парк ашылады.