Ресеймен шекараны қорғауға қосымша күш тартылғаны туралы жалған ақпарат тарады

Sputnik
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шекараны қорғау үшін қосымша күш тартылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Stopfake.kz.

"Қазнетте ҰҚК Шекара қызметінің формасындағы адамдардың суреті тарады. Онда суреттің Батыс Қазақстан облысында түсірілгені және Ресеймен шекараны қорғау үшін қосымша күш тартылды деп жазылған. Бұл олай емес", - делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Соңғы уақытта Қазнетте Қазақстан шекарасын қорғауға және елдегі криминогендік жағдайға қатысты фейктер көп тарап жатыр.