Қостанайда өзеннен әйелдің мәйіті табылды

Sputnik
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда жоғалған 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Оған 22 қыркүйекте іздеу жарияланған.
Полицияға оның жұбайы жүгінген. Аталған факті бойынша полиция іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Бүгін таңғы сағат 8.25-те "102" пультіне үлкен көпір аймағындағы өзенде әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Табылған мәйіт жоғалған Қуаныш Бермұхамбетова екені расталды.
Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.