Қазақстанмен шекаралас Астрахань облысында мобилизация пункті ашылады

Мұнда елден кетуге ниет білдірген адамдар ұзын-сонар кезекке тұрып жатыр – аймақта жоғары даярлық режимі енгізілді
Sputnik
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанмен шекаралас Астрахань облысында ішінара мобилизация пункті ашылады, деп хабарлады РИА Новости өңір губернаторының әкімшілігіне сілтеме жасап.
Астрахань облысының Краснояр ауданы аумағында Қазақстанға автомобиль көлігін өткізетін "Қараөзек" бақылау-өткізу пункті орналасқан.
Өңір билігінің мәліметінше, бақылау-өткізу бекетінде көліктердің көптеп жиналуы тұрғындардың тыныс-тіршілігіне кері әсер етті: понтон өткел мұндай жүктемеге арналмаған және қазіргі уақытта лық толған.
Бірнеше күн бұрын көліктердің жиналуы салдарынан мектепке автобуспен баратын Қараөзек ауылындағы балалар сабақтан қалған.
"Жақын күндері Қазақстанмен шекарада уақытша ішінара мобилизация пункті ашылады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінде мобилизация тізіміне енген, бірақ әскери комиссариаттан елден шығуға рұқсат алмағандарды шетке жібермеу үшін олардың құжаттары тексеріле бастайды.