АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша биыл 62 "Тальго" вагоны сатып алынды.
"Бүгінгі таңда жаңа вагондар сатып алу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Биыл 62 "Тальго" вагоны сатып алынды. Жылдың соңына дейін тағы 11 вагон жеткізіледі деп күтілуде. 2025 жылдан бастап 537 бірлік көлемінде Stadler вагондарын жеткізу жоспарлануда", – деді Көлік комитеті төрағасының орынбасары Нүркенов Қайриден.
Айта кетерлігі, бүгінде жолаушылар вагондарының жалпы паркі 2600-ден астам бірлікті құрайды.
Субсидиялау шарты негізінде вагондар паркін 10 жыл ішінде кемінде 15%-ға жаңарту көзделген. Өз кезегінде Комитет төрағасының орынбасары жаңарту үлесін 25 пайызға дейін арттыру қажеттігін атап өтті.