"Барыс" ресейлік "Спартактан" басым түсті

Sputnik
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Елордалық "Барыс" клубы Ресейде өткен кездесуде сол елдің "Спартк" командасын 3:1 есебімен ұтты.
Кездесуді мәскеулік хоккейшілер белсенді бастады. Нәтижесінде 4-минутта Захар Арзамасцев мергендік танытты.
Үшінші кезеңде ойын басынан "Барыс" алға шықты. 40 минутта Джереми Бракко таразы басын теңестірсе, одан кейін Аркадий Шестаков клубты жеңіске қарай жетеледі. Ал Егор Петухов жеңіс шайбасын соқты.
Нәтижесінде "Барыс" қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Келесі ойынды "Барыс" Астанада өткізеді. 2 қазанда ол "Сочи" командасын қабылдайды.