АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай елордалық мәдениет, білім беру, спорт мекемелері аға ұрпаққа қамқорлық, құрмет көрсетуге бағытталған көптеген іс-шара, концерттер, қайырымдылық акцияларын өткізеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
20-29 қыркүйек аралығында әлеуметтік желілерде балалар өздерінің ата-әжелерін құттықтайтын роликтермен челлендж өткізіледі. Осы апта ішінде аудандық әкімдіктер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себетін тасымалдайды.
Қарттар күніне арналған іс-шаралар бағдарламасы
29 қыркүйек
"Өндіріс" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қарттар күніне орай белсенді зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисінен жарыстар өтеді.
№5 балалар кітапханасында "Қарттықты құрметтеу керек" атты балалар шоуын тамашалауға болады.
30 қыркүйек
№2 балалар кітапханасында "Күздің жасы әдемі" атты кездесу кеші ұйымдастырылады.
"Еріктілер мектебі" жобасы аясында "Қамқорлық мекенжайлары" акциясын "Астана жастары" КММ өткізеді. Бұл күні еріктілер жалғыз тұратын қарт астаналықтарға барып, оларға азық-түлік себеттерін табыстайды.
"Джинсы жұмағы" тігін курстары бойынша көрсетілетін қызметті алушылар арасында конкурс өткізіледі.
"Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының акт залында "Золотые россыпи" концерті өтеді.
1 қазан
"Наз" мемлекеттік би театры "Қариялар-халық қазынасы" қайырымдылық концертіне шақырады.
3 қазан
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай "Ардагерлер ұйымының шежіресі/Летопись ветеранского движения"атты концерт өткізеді.