Саясат

Астанада 13-14 қазан күндері үш саммит өтеді

Sputnik
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан астанасында 13-14 қазанда үш ірі халықаралық форум өтеді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
"Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мына іс-шаралардан ақпарат тарату үшін шетелдік журналистерді аккредиттеу басталғанын мәлімдейді: 13 қазан – Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесінің VI саммиті; 14 қазан – ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы; 14 қазан – "Орталық Азия – Ресей" саммиті", - делінген ведомство хабарламасында.
Іс-шаралардың бағдарламасы туралы қосымша хабарланады.
Қыркүйек айының басында РФ президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков қазан айында Владимир Путиннің Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесі мен ТМД саммитіне қатысу үшін Астанаға сапары жоспарланғанын мәлімдеген еді.