АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Ертең Алматыда түскі сағат 12:55 кезінде дабыл белгісі іске қосылады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
"29 қыркүйек сағат 12.55-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде "Назар аударыңыздар!" хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарна жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы таратылады", - делінген хабарламада.
Ведомство Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.
"Бүкіл ересек адамдар өздері үрейге берілмей, балаларға сиренаның дыбысы - "Баршаның назарыңа!" дабылы екендігін түсіндіру қажет. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз-олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Кез келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз", - делінген хабарламада.