АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.
Батыс өңірлерде жаңбыр жауады, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде – қар аралас жаңбыр жауады, республиканың шығысында жауын-шашын мол түседі.
Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп болжайды синоптиктер.
Республика бойынша жел күшейеді, батыста – найзағай, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, орталықта – тұман, көктайғақ.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус суық, күндіз 2-4 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 жылы.