Павлодар облысында жүк көлігі екі қабатты үйге соғылды – фото

Жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілді, кірпіштен салынған ғимарат бүлінген
Sputnik
ПАВЛОДАР, 28 қыркүйек – Sputnik. Жүк көлігі Шідерті ауылындағы екі қабатты үйге соғылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодар облысында жүк көлігі екі қабатты үйге соғылды
27 қыркүйек күні сағат 13:50 шамасында 45 жастағы SHACMAN жүк көлігінің жүргізушісі екі қабатты тұрғын үйге соқтығысқан.
Павлодар облысында жүк көлігі екі қабатты үйге соғылды
Жол апаты салдарынан ғимаратқа зақым келді, автокөлік жүргізушісі дене жарақатымен Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Сараптама тағайындалды.