Тоқаев ресейліктерге қатысты қандай тапсыра бергенін айтты

Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келіп жатқан ресейліктерге қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапары аясында жергілікті халықпен кездесіп, ресейліктерге қатысты берген тапсырмасы туралы айтты.
"Қазақта "Көршімен татудың көңілі тоқ" деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен үкіметке тапсырдым", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы осындай күрделі жағдайда ең алдымен адамгершілік, сабырлық пен ұйымшылдықты таныту қажеттігін жеткізді.
"Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі", - деп атап өтті президент.