АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Дүйсенбі күні Ижевск қаласындағы мектепте 34 жастағы ер адам оқ жаудырған. Соңғымәлімет бойынша 17 адам, оның ішінде 11 бала және 6 ересек адам қаза болды.