АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық контрабанданы анықтады.
Ведомство ақпаратынша, 27 қыркүйекте шекарашылар "Алтынкөл" өткізу пунктінде салмағы 51 тонна 826 кг декларацияланбаған жүкті (автомобильдің қосалқы бөлшектері) өткізу әрекетінің жолын кесті.
Тауардың болжамды сомасы 50 млн теңгеден асады.
Жүк пен материалдар Жетісу облысының экономикалық тергеу департаментіне берілді.