АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ижевск мектебіндегі атыс салдарынан 11 бала мен алты ересек адам қаза тапты, деп хабарлады Удмуртия басшысы мен үкіметінің баспасөз қызметі.
"Ресей тергеу комитетінің мәліметі бойынша 17 адам, оның ішінде 11 бала және 6 ересек адам қаза тапты", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ресей тергеу комитеті 15 адам, оның ішінде 11 бала көз жұмғанын хабарлаған болатын. 24 адам жарақат алды, оның 22-сі бала.
Дүйсенбі күні таңертең 34 жастағы Артем Казанцев Ижевск қаласындағы 88-мектепте оқ жаудырды. Ол күзетшіні өлтіріп, мектепке кіріп келген. Кейін Казанцев өз-өзіне қол жұмсады.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі, 222-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Удмуртия билігі үш күнге аза тұту күнін жариялады.