"Ел мүддесіне сай шешеміз": Тоқаев Ресеймен келіссөз жүргізілетінін мәлімдеді

Sputnik
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейліктердің көптеп келуіне байланысты келіссөз жүргізілетінін мәлімдеді.
"Біз Ресей тарапымен келіссөз жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек", - деді Тоқаев Түркістан халқымен кездесуінде.
Президент әлемдегі жағдайдың әбден шиеленісіп кеткенін ерекше атап өтті. Ал Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр.
"Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан парасаттылық пен сабырлылық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек", - деп атап өтті Тоқаев.
Айта кетері, мемлекет басшысы үкіметке тиісті тапсырма берілгенін де айтты. Сырттан келген адамдарға ешқандай жеңілдік жасалмайды.
Тоқаев ресейліктерге қатысты қандай тапсыра бергенін айтты