Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру ережелері өзгеруі мүмкін

Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру ережелері өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды Хабар 24.
Құжаттар тізіміне паспортты қосу ұсынылды. Жоба "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды. Осы арқылы қоғамдық талқылау 10 қазанға дейін жалғасады.
Сондай-ақ сотталмағандығы туралы анықтама - қағаз түрінде және құзыретті органның уәкілетті қызметкерінің қолы мен мөрі арқылы расталуы тиіс.
Басып шығарылған электрондық анықтама заңды күшін жоғалтуы мүмкін. Қалған құжаттар жиынтығы өзгеріссіз қалады.