Қоғам

Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының сайтында хабарланды.

"Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 8 қыркүйекте күдікті Қ.С.Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі күдіктінің інісі бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғанын мәлімдеген еді.
Еске салсақ, Қайрат Боранбаев биыл наурызда қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
Боранбаев – ірі кәсіпкер, Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі. Оның қызы Әлима 2020 жылы жазда Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтыс болған жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан.
Қайрат Боранбаевтың інісіне іздеу жарияланды