АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматының Медеу ауданында, Көкжайлау шатқалында 1720 метр биіктіктегі тау беткейінде қураған ағаш өртеніп жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің, "Іле Алатауы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, "Қазавиаорманқорғау" АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару" АҚ-ның борты оқиға орнына жіберілді.