Ижевск мектебіндегі атыс: көз жұмғандар саны артты

Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Ресейде мектепте атыс салдарынан көз жұмғандар саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Удмуртия басшысы қаралы күн жариялады, ол 29 қыркүйекке дейін жалғасады.
Естеріңзге сала кетейік, Ресейдің Ижевск қаласының №88 мектебіне белгісіз біреу баса-көктеп кіріп, оқ жаудырды.
Күдікті сол жерде өз-өзіне қол жұмсаған.
Мектепке шабуылдаған адам қара киім киген. Оның жейдесінде нацистік белгі болған. Сонымен қатар екі пистолет пен патрондар табылды. Оның кім екені анықталып жатыр.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, мектеп қоршауға алынған.