Қар аралас жаңбыр жауады: синоптиктер 27 қыркүйектегі ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, онымен бірге жаңбыр, шығысында – қатты жаңбыр, солтүстігінде – жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі.
Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.