АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. 24 қыркүйекте бірқатар қазақстандық ақпараттық ресурсқа шетелден жаппай DDOS-шабуыл жасалды.
"Қазіргі уақытта біз маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, бұл кейбір сыртқы интернет-ресурстарға қолжетімділік жылдамдығын ішінара төмендетуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарлануда", - делінген "Қазақтелеком" АҚ-ның
коммуникация департаменті таратқан хабарламада.
коммуникация департаменті таратқан хабарламада.
Сондай-ақ "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ Интернеттің қазақстандық сегментіне ауқымды DDoS шабуыл жасалғанын анықтады.
"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ байланыс операторларымен бірлесе отырып, маршруттарды оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр, бұл кейбір сыртқы интернет-ресурстарға қолжетімділік жылдамдығын төмендетуі мүмкін", - деп атап өтті компания өкілдері.
Мемлекеттік техникалық қызметтің мәліметінше, DDoS шабуыл бірнеше шетелдік көзден жасалған. Мұндай шабуылдар басқа аймақтарда да тіркеліп отыр. Бұл шабуылдар арасындағы ықтимал байланысты тиісті техникалық бөлімдер анықтап жатыр.