АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Жаркент іргесіндегі қараусыз қалған ғимаратта жасырылған мектеп сөмкесінен қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Рюкзакта аңшы мылтықтарынан дайындалған екі шолақ мылтық, Retay сигнал тапаншасы және 12 калибрлі төрт патрон болған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәркіленген қарулар сараптамаға жолданды.