АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. 17 жастағы ақмолалық Астанадан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ересек өмір іздеп кеткен қыз туыстарын хабардар етпестен үйден кеткен.
Зеренді ауданының полициясына 15 қыркүйекте шағым түскен. Қыз 11 қыркүйекте жоғалып кеткен, алайда полицияға іздеуге көмектесу туралы өтінішпен туыстары 4 күннен кейін ғана жүгінді.
Кезекші тәулік ішінде жедел уәкілдер қыздың елордаға достарына барғанын анықтады. Сондай-ақ, оған қатысты ешқандай қылмыстық әрекет жасалмағаны белгілі болды.
Көп жағдайда 15-17 жастағы жасөспірімдер достарымен, таныстарымен уақыт өткізу үшін үйден кетеді, ойын-сауық немесе жұмыс іздеп үлкен қалаларға кетеді, телефондарын немесе басқа байланыс құралдарын өшіреді.
Айта кету керек, биыл полиция қызметкерлері 63 кәмелетке толмаған баланы іздеп тапты.