Шымкентте жалған ақшамен ұсталған қала тұрғыны 10 жылға сотталды

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында синтетикалық есірткі сатқан қылмыскер сотталды. Одан жалған долларлар да тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде "мефедрон" синтетикалық психотроптық есірткісін сату және 9300 АҚШ доллары сомасындағы жалған ақша қаражатын өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Күдіктіге қамауға алынған болатын.
Ал сот үкімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылды. Оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.