Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр – ҰҚК

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан – Ресей шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.
"Бүгінгі күні Қазақстан – Ресей шекарасында Қазақстанға келіп жатқан шетел азаматтары санының артуы байқалады. Қолданыстағы 30 автомобиль өткізу бекеті әдеттегідей жұмыс істеп тұр. 4 өткізу пунктінде жолаушылар мен көлік ағынының артуына байланысты кептеліс бар. Жағдай ерекше бақылаудатұр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Комитетте атап өткендей, шекара қызметі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шекара өткелдеріндегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп жатыр.
ҰҚК Шекара қызметі өз қызметінде халықаралық шарттар мен Қазақстанның ішкі заңнамасының нормаларын басшылыққа алады, деп атап өтті ведомствода.