Қазақстан кезекті С5+1 кездесуін Астанада өткізуді ұсынды

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің келесі кездесуін Астанада өткізуді ұсынды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында Орталық Азия елдерінің сыртқы істер ведомстволарының басшылары мен Энтони Блинкен арасында С5+1 форматында кезекті келіссөз өтті, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Тараптар өңірдегі өзекті мәселелерді және аймақ елдері арасындағы және АҚШ-пен сауда-экономикалық байланысты кеңейту бойынша бірлескен іс-шаралар жайын талқылады.
Кездесуге қатысушылар "қол жеткен мәмілелерді институционалдық қолдауды қамтамасыз етуге және үйлестірілген сипатта іске асыруға арналған" C5+1 виртуалды хатшылығының іске қосылуын құптады.