Өңірлер

Ақтау-Жаңаөзен тасжолында көлік түйеге соғылды - бір адам көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ақтау-Жаңаөзен тасжолында көлік түйеге соғылды. Жол апаты салдарынан 57 жастағы ер адам қайтыс болды.
Жол апаты 22 қыркүйекте болды
GEELY маркалы көлік жүргізушісі түйені қағып кеткен. Салдарынан бір адам мерт болып, тағы бір адам жарақат алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Lada.kz.
22 қыркүйек сағат 21:50 шамасында "102" пультіне Ақтау-Жаңаөзен тасжолында жол апаты болғаны туралы қоңырау түскен.

"GEELY SC7 көлігінің жүргізушісі түйені қағып кетті. 57 жастағы жолаушы алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал бір жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көлік тұраққа қойылған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды.