Алматыда жаңа автомобиль зауыты салынады

Sputnik
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматының индустриялық аймағында Chery, Changan, Haval автомобильдерін шығаратын толық циклді мультибрендті зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Кәсіпорын көліктерді тек ұсақ торапты әдіспен өндіріп, шанағын дәнекерлеу және бояу жұмыстарын жүргізеді. Осыған орай Астана Моторс пен қытай компаниялары арасында үш меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Қазақстанның машина жасаушылары форумы аясында ИИДМ индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлімдеді.
Бүгінде кореялық Yongsan компаниясымен Hyundai Accent және Hyundai Tucson модельдеріне арналған автомобиль орындықтарын өндіру бойынша бірлескен жоба пысықталуда.
Сонымен қатар "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС зауытында шығарылатын Hyundai Accent, Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Hyundai Elantra модельдеріне мультимедиялық жүйелерді орнату үшін MOTREX компаниясымен жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар шығарылатын модельдердегі қазақстандық қамту үлесін және жұмыс орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
"2010 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль жасау машина жасаудың барлық саласының ішінде небәрі 5%-ын құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша автоөнеркәсіптің үлесі 32,1%-ға дейін артты. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 37,5%-ға жетті", - деді Олжас Сапарбеков.
Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде автоөндірушілер саны артып, үнемі салық түсімдерін қамтамасыз ететін сала қалыптасқан.