АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығуы өтеді.
Осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді.
Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады.
Әскери контингенттер қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.