АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақордада президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.
"Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды", - делінген ресми хабарламада.
Отырыс соңында мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.