АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласындағы департаментінің баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушылардан жүйелік блоктар мен мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка, чек аппараты және басқа да техника табылды.
Іс сотқа жолданды. Сот үкімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 1 жылға бас бостандығынан шектелді.