АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатқан үшінші дәрігер де қайтыс болды.
Ол да "Жезқазған медициналық орталығының" маманы еді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Ол кәсіпқойлығымен акушерлік шеберлігінің арқасында талай бүлдіршінді жарық дүниеге әкелуге септескен бірегей маман болған.
Естеріңізге салсақ осыдан екі күн бұрын "Алматы-Екатеринбург" тас жолының Балқаш қаласынан 100 шақырым қашықтықта дәрігерлер мінген автобусқа жүк көлігі соғысып 2 жүргізуші мен екі дәрігер көз жұмған.
Араға екі күн салып, ауыр хәлде жатқан үшінші маманның жанына да дәрігерлер араша бола алмады.
Түрлі деңгейде жарақат алған қалған 7 дәрігер әріптестерінің бақылауында.