АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы президентікке кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар:
тумысынан Қазақстан азаматтығы болуы;
ҚР аумағында соңғы 15 жыл тұруы;
жоғары білімінің болуы;
жасы 40-қа толған болуы;
белсенді сайлау құқығының болуы;
мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
Сондай-ақ ОСК президенттікке кандидат болу үшін қанша қол жинау керек екенін айтты.
Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар калалардың және астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1%-нің қолын жинаумен куәландырылуға тиіс.
Қол қою парақтары кандидаттың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін бес күн ішінде беріледі.
Бірінші шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азамат енгізілді.
Әрбір кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы шарт.