АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауыл шетіндегі қоқыс арасынан ер адамның мүрдесі табылды. Күдікті ұсталды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Круглоозерное ауылы шетіндегі қоқыстан 30-35 жастағы, азиялық келбеттегі, денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.
Кейінірек ол Казталов ауданының 1990 жылғы тұрғыны екені анықталды.
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ізін суытпай 23 жастағы жігіт ұсталды.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.