АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин алдағы уақытта ведомство қанша әуе техникасын сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, 2030 жылға дейін "Қазавиақұтқару" мекемесінің техникасын кезең-кезеңмен жаңарту міндеті тұр.
"Биыл біз Қазақстандағы зауыттан шыққан шыққан 6 "МИ-8" тікұшағы мен "Eurocopter" санатындағы 3 тікұшақты алдық. Келесі жылы тағы 3 тікұшақ, 2024 жылы 5 тікұшақ аламыз", - деді Ильин үкімет кулуарында.
Айтуынша, төлем келісімшартқа сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Сондай-ақ министр қазір үкіметте өрт сөндірушілердің жалақысын кезең-кезеңмен көбейту мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.
Бұдан бөлек, еңбекақы ғана емес, үстемеақыны да өсіру жоспарда бар. Әзірге жалақының нақты қаншаға өсетіні белгісіз, өйткені бұл бюджеттің жағдайына байланысты, деп түсіндірді Ильин.