Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украинада 6 мыңға жуық адамынан айырылды

Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украина 61 мыңнан астам адамынан айырылғанын айтты. Бұл ретте ол Ресей армиясының адам шығыны бірнеше есе аз екенін атап өтті.
Шойгу ұсынған мәліметтерге сәйкес, Украина қарулы күштеріндегі адам шығыны қазіргі уақытта қаза тапқан және жараланған 100 мыңнан астам әскериді құрайды.
"100 мыңнан астам адам. 61 207 адам қаза тапты, 49 369 адам жараланды", - деді Шойгу әскери арнайы операция кезінде Украина қарулы күштерінің шығыны туралы.
Ол сондай-ақ осы жылдың ақпан айының соңында басталған әскери іс-қимыл кезінде Ресей қарулы күштері құрамындағы 5 937 адам қаза тапқанын айтты.