АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Донбасс пен Украинаның Ресей құрамына кіру ниетімен өтініш берген аймақтарында референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданатынын айтты.
"Ресей Донбасс пен Украинаның Ресей құрамына кіру ниетімен өтініш берген аймақтарында референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", - деді Путин.
Ол сондай-ақ Ресей Федерациясы Донбасс, Запорожье және Херсон облыстарының тұрғындары қабылдайтын шешімді қолдайтынын атап өтті.