Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин: егер аумақтық тұтастыққа қауіп төнсе, Ресей қолдағы барлық құралды пайдаланады

Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек - Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігінің ішінара мобилизация туралы ұсынысын қолдау қажет екенін мәлімдеп, оның қалай жүзеге асырылатынын айтып берді.
Владимир Путин қарулы күштер жартылай мобилизацияланғанын жариялап, әскерге шақырылатындардың критерийін атады.
"Әскери қызметке қазіргі уақытта запастағы және ең алдымен Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен, белгілі бір әскери мамандықтары мен тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады", - деді Ресей президенті өз үндеуінде.
Сондай-ақ ол "...ішінара мобилизация туралы жарлық мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша қосымша іс-шараларды қарастыратынын" атап өтті.
Сонымен бірге Путин Батыс елдерінің, әсіресе НАТО блогына мүше елдердің Ресейге қарсы агрессивті іс-әрекеттері барған сайын прогрессивті сипат алып жатқанын мәлімдеді және Ресей Федерациясы агрессияға ең заманауи қару-жарақтарды пайдалана отырып, жауап беруге дайын екенін еске салды.
"Егер Ресей Федерациясының аумақтық тұтастығына қауіп төнетін болса, қолда бар барлық құрал пайдаланылады. Бұл қоқан-лоқы емес", - деді Путин.