Елдің кей облыстарында үсік жүреді

Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша ел аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.