АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Алматы - Петропавл жолаушылар пойызы түнде Астана маңында шұғыл тоқтады.
Кейбір адамның пабликтердің хабарлауынша, пойыз өртке байланысты тоқтаған. ҚТЖ мұндай шараға техникалық вагондағы ақау себеп болғанын мәлімдеді.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Пойызда 184 жолаушы болған. Олар баратын жеріне басқа пойыздармен жеткізіледі.