Жетісу облысында 2 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қайғылы жағдай Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылында болған. 18 қыркүйек күні аудандық полицияға сәбидің өлімі туралы хабар түскен.
Мәлім болғанындай, екі жасар қызды DAF маркілі көлігі басып қалған. Көліктің жер үйлердің бірінің ауласына жөндеуге қойылғаны белгілі болды.
Кербұлақ аудандық полициясы аталған жағдай бойынша жан-жақты тексеру жүргізді. Тергеу ҚР ҚК-нің 141 бабы, 2 бөлігі (Баланың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін талапқа сай атқармаған) бойынша жүргізліп жатыр.