АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді, деп хабарлайды ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жастар арасында арнайы сауалнама жүргізген. "Сіздің ойыңызша, жастар өзін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болуы үшін не қажет?" деген сұраққа респонденттердің 40,9%-і "өз баспанасы" деп жауап берген.
Енді зерттеу орталығы Отбасы банкпен бірлесіп, жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және баспана жағдайын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді.
"Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, қазір Отбасы банк өңір әкімдіктерімен бірге жастарға арналған жеке бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл "Елорда жастары", "Алматы жастары", "Қарағанды жастары", "Әулиеата жастары", "Қостанай жастары".
Жақын арада осындай бағдарлама Атырауда да ("Алатау жастары") іске қосылмақ.
Бағдарлама шарттары: бастапқы жарна – кемінде 10%, несие мөлшерлемесі – жылдық 5%, кредит мерзімі – 19 жылға дейін.