Қазақстанда 17,3 млн тонна астық жиналды

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 17,3 миллион тонна астық жиналды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 13,9 миллион гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған. Бұл жалпы өнімнің 86,3%-і. Қазіргі таңда орташа өнімділік гектарына 12,5 центнер.
"Майлы дақылдардың жалпы түсімі 363 мың тонна, 3,6 миллион тонна көкөніс және 2,1 миллион тонна картоп жиналды. Егінді жинау жұмысы жалғасып жатыр", - делінген ақпаратта.
Елде жалпы сақтау сыйымдылығы 12,8 миллион тонна болатын 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Оларды жаңа өнімді қабылдауға дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзінің 16,6 миллион тонна астыққа есептелген сақтау қоймалары бар.
Министрліктің хабарлауынша, болжамды түсімді ескергенде бұл орындар жиналған астықты сақтау үшін жеткілікті.
Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастады