Өңірлер

Полицейлерден қашқан күдікті 500 мың теңгені жол бойына шашып кеткен – видео

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Глубокое ауданының тұрғыны жарты миллион теңге бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.
20 жастағы жәбірленушінің айтуынша, Березовка ауылының тұрғыны күшінің басымдығын пайдаланып, одан 500 000 теңге бопсалаған.
Полиция күдіктіні ақша аударылғаннан кейін ұстады. Ер адам полицейлерді көрген бойда жасырынуға тырысып, жол-жөнекей заттай айғақтан құтыла бастаған.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-тармағы (бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.