Павлодар облысында екі саләфит үш жылға сотталды

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында екі аңшы үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Оған қоса, олар 21 миллион теңгенің айыппұлын төлеп беруге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тергеу материалдарына сәйкес, екі аңшы Баянауыл ауданында сирек кездесетін жануарларды заңсыз атқаны үшін ұсталды. Олардан екі сілеусіннің терісі мен еліктің еті тәркіленді.
"Павлодар облысында сілеусінді атуға тыйым салынған. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елікті атуға рұқсат жоқ. Ұсталған азаматтар "салафизм" деструктивті ағымының өкілдері", - дейді полицейлер.
Қылмыстық кодекстің 337-бабы, бірнеше тармағы (заңсыз аңшылық, ануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған әрекет және ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау) бойынша тергеу жүргізілді.
Екеуінің кінәсі толығымен дәлелденді. Баянауыл аудандық сотының шешімімен аң атқан екі дос үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Оларға 6 жыл аңшылықпен айналысуға болмайды. Оған қоса, мемлекетке келген шығын - 21 миллион теңгені төлеп беруге міндетті.