АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында көлік екі түйені қағып кетті, екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды.
16 қыркүйекте Қарақия аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау тасжолында жол апаты болғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Шетпе ауылына қарай бет алған ВАЗ-21154 көлігінің жүргізушісі екі түйені қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
Жол апаты салдарынан екі жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.